Америкалық суретші көзәйнек линзаларынан Елбасының портретін жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көзәйнек линзаларынан жасалған Елбасы портреті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған  ауылы - Шамалғанға жеткізіліп, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, жаңа мәдени ошаққа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен кітапханасы, ҚР Тұңғыш Президенті музейі, Президент Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Шамалған ауылының мектеп-музейі, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі сыйға тартқан құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар және басқа да экспонаттар жинақталған.

Көптеген экспонаттарды жергілікті тұрғындар әкеліп берген.

Жәдігерлер Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған.

null 

«Евразия жүрегінде» кітабының желісімен жасалған 1-залда болашақ Мемлекет басшысының балалық және жасөспірім жылдарына, еңбек жолының басталуына арналған экспозиция орналасқан. Атап айтқанда, Президенттің шежіре бойынша ата-бабасы, жеті атасы жөнінде деректер ұсынылған.  

null  

Сонымен қатар, ата-анасының, отбасылық суреттері ілінген. Отбасында қолданған бұйымдары, домбыра, құмған қойылған.

null 

Залдың ортасында Мемлекет басшысы Шамалғанда туып-өскен үйдің макеті тұр.

null 

Келесі бөлімде Шамалған ауылдық мектебінде білім алған жылдарына естеліктер, суреттер, 6-сыныпты үздік бітірді деген табель, алғашқы мектебінің макеті қойылған.

null  

Сонымен қатар, Президенттің мектеп бітіру және студенттік кездерінен естелік суреттер, Теміртау металлургия комбинатында еңбек жолын бастаған сәтінен фотодеректер, алғашқы жұмыс киімдері қойылған.

null   

2-зал 1986-1991 жылдарды қамтитын Қазақстанның тәуелсіздік алу жылдарына арналған. Бұл зал «Тарих толқынында» деген кітапқа сүйене отырып жасалған. Мұнда әр жылдары шыққан қаулылар, заң жобалары, атап айтқанда, Семей полигонын жабу туралы тарихи құжаттар,  деректі фотосуреттер қойылған. Бір тақта «Отан» партиясының «Нұр Отан» болып қайта өзгеруіне, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына арналған.

Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы Жарлық, фотодеректер,  құрмет грамотасы қойылған.

Ақмола қаласының Астанаға айналуы фотосуреттермен бейнеленген.

null 

3-зал әлеуметтік, саяси, ауыл шарушалығы саласының дамуына арналған.

Мұнда Елбасының қатысуымен үлкен жобалардың ашылуы туралы деректер қойылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы киген киімдер, бұйымдар қойылған.

null null null null null 

Оң жақ стендте білім беру саласындағы 20 зияткерлік мектеп пен Назарбаев Университетінің жетістіктері көрсетілген.

Ақорданың макеті.

null 

Қазақстан - Ғарышты игерген ел.

null 

Мемлекет басшысының алғаш отырған жұмыс үстелі мен орындығы, шахмат тақтасы.

null 

4-зал сыртқы саясаттағы маңызды оқиғалар мен тарихи сәттерге арналған. Ортада үлкен мәжіліс залы мен үлкен аспалы шам орнатылған.

Аспалы шамды шеберлер арнайы жасаған. Шамның сегіз бұрышы «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мағынаны береді. Ал оның төбеге жалғанған тұсы Мемлекет басшысының ғарышпен астасқан ойы туралы түсінік береді.

Сонымен қатар, өзге елдер тарту еткен кәдесыйлар бар.

Музейдің ең ерекше экспонаты ретінде көзәйнектердің көптеген линзаларынан құралған Елбасының «Назарбаев - наследие миллионов» атты портретін айтуға болады. 

Портретті америкалық суретші Дэвид Даттуна жасаған.

null 

Айта кету керек,  жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын орталықты салуға жергілікті бизнесмен азаматтар атсалысқан.

Соңғы жаңалықтар