Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстаннан әкесін іздейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық отбасы асырап алған Элизабет Азиз Қазақстаннан туған әкесін іздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Редакцияға жүгінген Элизабет Азиздің айтуынша, туған анасын тапқан.

Бірақ, ол биологиялық әкесіне қатысты жан-жақты ақпарат бермеген. Сонымен қатар ол туған анасын қалай тауып алғанын айтып берді.

«Instagram-нан аты-жөні бірдей адамнан сұраныс келгенін көріп, оған хат жаздым», - деді ол.

Енді Элизабет Азиз туған әкесіне іздеу салып отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, анамды таптым. Енді биологиялық әкемдіі немесе оның отбасын табуға тырысып жүрмін. Менің құжаттарымда оның аты-жөні Жасұлан Тілеуов деп жазылған. Бұл оның шын аты екендігіне сенімсізбін. Оның 2003 жылы Ақтөбе қаласында тұрғанын білемін. Сол уақыттарда оның жасы шамамен 16 не 18-де болғанынан және орта мектепті бітіргеннен кейін әскерге кеткенінен хабарым бар. Маған оның апат салдарынан қайтыс болғанын айтты. Шын-өтірігін білмеймін. Оның ұзын бойлы, келбеті орысқа ұқсайтындығын да айтып берді. Балалар үйінен оның татар болуы мүмкін екендігі туралы болжам айтылады. Қолымда бар ақпарат осы ғана», - деді Элизабет Азия агенттік тілшісіне.

Қазіргі уақытта бойжеткен АҚШ-та тұрады.


Соңғы жаңалықтар