Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық жігіт туыстарын іздестіруде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық жігіт өзінің туыстарын іздеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ағам да, мен сияқты асырап алынды. Ол 2005 жылы асырап алынды. Оның туған кездегі аты - Андрей Шаталин. Ол шамамен 13-19 қазанда дүниеге келген. Әр құжаттағы күн әр түрлі. Бізде оның биологиялық анасы Наталья Алексеевна Шаталина туралы ақпарат бар. Ол шамамен 1973 жылы дүниеге келген және кейбіреулердің айтуынша, 2012 жылы қайтыс болған. Құжаттарда оның Андрейге дейін тағы бір баласы болғандығы айтылған, сондықтан біз олар туралы және басқа да бауырлар мен әпкелер туралы білуге тырысамыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Андрейдің қарындасы Элизабет Азиз.

Қыздың айтуынша, оның ағасы Қазақстан астанасында дүниеге келген, содан кейін оны Манас көшесіндегі ауруханада қалдырған. Кейін оны елордадағы мамандандырылған балалар үйіне тапсырады.

«Оның анасы Ақмола облысының Степногор қаласында туған. Туу туралы куәлікте туған әкесінің аты жоқ. Сондай-ақ, біз Андрейдің биологиялық анасының отбасы мүшелері туралы ақпарат табуға тырысамыз. Кейбір мәліметтер бойынша, Андрей - жартылай орыс, жартылай қазақ», - деді Элизабет Азиз.

Қазір Андрей Шаталин 19 жаста. Біз олардың АҚШ-та қалай тұратынын сұрадық.

«Иә, бізде бәрі жақсы. Бұл жерде біз жақсы өмір сүреміз және ата-анамыз жақсы», - деп қосты Элизабет.

Сондай-ақ, қыз өгей ағасының биологиялық анасының мекен-жайын тапқанын хабарлады.

«Мүмкін, ағамның туыстары немесе ағасы/әпкелері сол жерде тұрады. Міне, тұрғылықты жері бойынша тіркеу: Ақмола облысы, Степногор қаласы, 9-шағын аудан, 38-үй, 1-пәтер. Нақты тұрғылықты жері: Степногор қаласы, 6 шағын аудан, 40 үй, 64 пәтер«, - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Америкалық отбасы асырап алған жігіттің Қазақстанда қалған әке-шешесін іздеп жатқандығы хабарланған еді.



Соңғы жаңалықтар