16:13, 29 Мамыр 2020 | GMT +6
Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы туған анасын тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық отбасы асырап алған этникалық қазақ қызы Эйжа Бергер туған анасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Эйжа биологиялық ата-анасын іздейтіндігін Facebook-тегі Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде жазған-ды.
«Туған анаммен байланысқа шықтым, біз өте бақыттымыз. Көмек көрсеткен барлықтарыңызға үлкен рахметімді айтамын», - деп жазды Эйжа Бергер бұған дейін Kazakh American Association (Қазақстандық-америкалық қауымдастық) паблигінде қалдырған жазбасындағы қосымша пікірінде.
Бұған дейін америкалық отбасы асырап алған этникалық қазақ қызы Эйжа Бергер өзінің биологиялық ата-анасын іздейтіндігін, Facebook парақшасында журналист Талғат Алмановқа берген сұхбатында оған не түрткі болғандығын айтқанын хабарлаған едік.