Америкалық оқушы қыз домбырада «Қара жорғаны» орындады

None
Видеодан алынған кадр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Америкалық оқушы қыз домбырада «Қара жорға» күйін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушы қыздың домбырада қазақтың халық күйін ойнаған сәтінен видеоны Қазақстандағы АҚШ Елшілігі әлеуметтік желіде бөлісті.

«Мен Flex abroad бағдарламасының студентімін және қазіргі уақытта Алматыдамын. Осыдан бес ай бұрын Миннесота штатынан келген едім. Менің ең сүйікті сабақтарымның бірі – домбырада ойнау. Ал ең сүйікті күйлерімнің бірі «Қара жорға» деп аталады», - деді америкалық Риа Эдберг.

Айта кетерлігі, әлеуметтік желі қолданушылары америкалық оқушы қыздың өнерін жоғары бағалап, ізгі тілектерін білдіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар