Америкалық Novavax вакцинасы 90% жоғары тиімділікті көрсетті

None
None
НЬЮ ЙОРК. ҚазАқпарат – Америкалық компания Novavax Inc (NVAX.O) COVID-19-ға қарсы вакцинасы 90%-дан астам тиімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде коронавирустың әртүрлі нұсқаларына қарсы тиімділігін көрсеткен.

Компанияның мәліметінше, Америка Құрама Штаттары мен Мексикада 30 000-ға жуық еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеудің арқасында Novavax 2021 жылдың үшінші тоқсанында АҚШ және басқа елдерде төтенше жағдай кезінде вакцинаны пайдалануға рұқсатқа өтінім бере алады.

Компания ақуызға негізделген вакцина коронавирустың оңай берілетін басым нұсқаларына қарсы тиімділіктің 93%-дан астамын көрсетті дейді. Ақуызға негізделген вакциналар дәстүрлі тәсілді қолданады. Оның аясында вирустың тазартылған бөлшектері иммундық реакцияны ынталандыру үшін қолданылады, мысалы, көкжөтел мен белдемшелік теміреткіге қарсы қолданылатын вакциналар.

Novavax зерттеу және дамыту бөлімінің бастығы доктор Грегори Гленн АҚШ-та Novavax вакцинасын сынақтан өткізу кезінде Ұлыбританияда алғаш рет табылған және қазір альфа нұсқасы ретінде белгілі вирус таралғанын айтты. Novavax вакцинасы енгізілген еріктілерде британдық штамм, сондай-ақ бразилиялық, оңтүстікафрикалық және үнділік нұсқалары табылды.

Сынақ нәтижесінде вакцина инфекцияның ауыр түрі бар еріктілер арасында 91% немесе одан да көп, ал Covid-19 орташа және ауыр жағдайлары бар еріктілер арасында 100% тиімділік көрсетті.

Доктор Гленннің айтуынша, вакцина Novavax анықтай алмайтын вирустық нұсқаларға қарсы шамамен 70% тиімді болды.

Компания сонымен қатар вакцинаның жеңіл екенін айтты. Жанама әсерлерге бас ауруы, шаршау және бұлшықет ауыруы кірді. Novavax компаниясы 2021 жылдың үшінші тоқсанының аяғында айына 100 миллион доза және 2021 жылдың төртінші тоқсанында айына 150 миллион доза шығаруды жоспарлап отыр.


Татьяна Кудренок


Соңғы жаңалықтар