+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Америкалық компаниямен келісімшарт: Қазақстанда егіс кешендері құрастырыла бастайды

2018 жылғы 26 қаңтар 03:08
Бөлісіңіз:
Америкалық компаниямен келісімшарт: Қазақстанда егіс кешендері құрастырыла бастайды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда еліміздегі алғашқы егіс кешендері құрастырыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары кезінде екі елдің іскер азаматтары өзара кездескен болатын. Онда «Қазақстандық агроинновациялық корпорациясы» ЖШС мен АҚШ-тың «Amity Technology» компаниясы арасында Қазақстан Республикасы аумағында «Amity» егіс кешендерін құрастыру жөнінде лицензиялық келісімшарт жасалды.

«Amity» деп аталатын қазіргі замаңғы егіс кешендерінің алғашқы партиясын ағымдағы жылдың наурыз айында шығару көзделген. Оны облысымыздағы «Қазақстандық агроинновациялық корпорациясы» ЖШС зауытында құрастыру жоспарлануда. Қазірдің өзінде сауда-саттық бойынша құны 1,5 миллион АҚШ доллары болатын 12 бірлік егіс кешенін шығару туралы келісімшарт жасалды», - деп түсіндірді Өңірлік коммуникациялар қызметінде.


null

Кəсіпорынның бас директоры Олег Балыбиннің сөзінше, осындай инновациялық жобаларды ашу арқылы нарыққа жоғары технологиялық жабдықтарды шығаруға, ауыл шаруашылығы техникаларының өндірісін жаңғыртуға, өңірдің агроиндустриалды əлеуетін арттыруға жол ашылатын болады.

Еске сала кетейік, «Қазақстандық аргоинновациялық корпорациясы» ЖШС ауылшаруашылық жəне коммуналдық техникаларды шығаратын заманауи, көпсалалы кəсіпорын болып саналады.

Қазір сапасы жоғары отандық техникаға еліміздің барлық өңірлерінен сұраныс артқан. Тракторлардың бағасы қолжетімді. Сапасына кепілдік бар. Сондықтан, отандық шаруашылықтар алыстан алмай, өз елімізден шыққан техникаға таңдау жасауда. Осының арқасында кəсіпорын өнім түрлерін кеңейтіп, өндіріс қарқынын арттыруда.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT