+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Америкалық компания коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуде жетістік барын жария етті

2020 жылғы 16 шілде 00:22
Бөлісіңіз:
Америкалық компания коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуде жетістік барын жария етті

КЕМБРИДЖ. ҚазАқпарат - Covid-19 індетіне қарсы Moderna Inc. компаниясының вакцинасы вирусты зерттеудің алғашқы сатысына қатысқан бүкіл пациенттің бойында антидене қалыптастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың бас инфекционисі коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның қауіпсіз екеніне күмәнданды Елімізде 1 423 коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония тіркелді 975 қазақстандық коронавирустан емделді

Америкалық биотехнологиялық компанияның жетістігі – әлемдік экономиканы тоқыратып тастаған коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеу бәйгесінде үмітті жетістіктердің алдыңғы қатарында тұр. Әйтсе де сәтті вакцинаны құру жолында кедергі көп. Оған қоса пациенттердің кейбіріне сынақ барысы айтарлықтай кері әсер еткені байқалған.

Орташа доза алған вакцинаны зерттеудің алғашқы сатысына қатысушылардың жартысында әлсіздік, қалтырау, бас ауруы және бұлшық еттің ауырсынуы байқалған. Сонымен қатар екінші вакцинациядан кейін вакцинацияның орташа дозасы бар топтағы адамдардың 40%-ның дене қызуы көтерілген. Максималды дозаны алған 14 пациенттің үшеуінде ауыр жанама әсер болған.

Moderna Inc. компаниясының mRNA-1273 вакцинасының алғашқы зерттеуіне үш топқа бөлініп, 45 науқас қатысқан. Зерттеуге қатысушылар вакцинаның 25, 100 және 250 микрограмм болатын екі дозасын 28 күн аралығымен қабылдаған.

42 пациентке ықтимал вакцинаның екінші дозасын салғаннан кейін зерттеу нәтижелеріне сәйкес коронавирусты бейтараптандыруға қабілетті антиденелер пайда бола бастады. Компанияның мәліметінше, 27 шілдеден бастап жалғасатын клиникалық зерттеулерге арналған дозаның орташа мөлшері таңдалды.

Bloomberg компаниясы ұсынған мәліметтерге сәйкес вакцина 18 бен 55 жас аралығындағы пациенттерге сыналған. Компания егде жастағы пациенттер (олардың арасында коронавирустан өлімнің ең жоғары деңгейі байқалған) қатысқан зерттеудің екінші бөлігінің нәтижелерін ұсынған жоқ.

«Жақсы жаңалық мынада - бұл вакцина антиденелерді шығарады. Бұл жай антиденелер ғана емес, сонымен қатар [вирусты] бейтараптандыратын антиденелер», - деді АҚШ ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауки.

Bloomberg-ке телефон арқылы берген сұхбатында Фаучи Moderna Inc. ұсынған деректерге сілтеме жасай отырып, оны «шынымен үміт зор» деп атады. Ол байқалған жанама әсерлердің алаңдаушылық тудырмайтынын және басқа вакциналарға тән екенін атап өткенімен, кейбір сарапшылар әлі де ертерек оптимизмге берілгісі келмейді.

«Иә, (вакцинаның) көптеген жанама әсері бар», - дейді Солтүстік Каролинада орналасқан Адамды вакцинациялау институтының докторы әрі зерттеушісі Тони Муди.

Ол вакцинаның көптеген жанама әсері «әдеттегіден ерекше» екенін атап өтті. Екінші жағынан Муди шығарылған антидене деңгейі «шынымен үміттендіретінін» айтады. Access Health International ұйымын басқаратын Гарвардтағы медицина мектебінің бұрынғы зерттеушісі Уильям Хэзелтин вакцина шығаратын антиденелер деңгейін «лайықты» деп атады. Бірақ ол вакциналардың қауіпсіздігі мәселесі басы ашық мәселе болып қала беретінін баса айтты.

Оның әріптесі - Оңтүстік Каролина университетінің медицина мектебінің микробиология профессоры Паула Кэннон вакцина жақсы жұмыс істегенін айтып «антиденелер шығара алады» деп санайды. Бірақ антиденелердің әлсіреуі қанша уақытқа созылады деген тағы бір сұрақ туындайды.

Bloomberg атап өткендей, 9 жыл бұрын Массачусетсте құрылған биотехнологиялық компанияның Moderna Inc. акциялары сәрсенбіде 15% өсіп, бір жылда 4 есе өсімді көрсеткенін хабарлайды. Себебі компанияның вакцинасы тез арада мақұлданады-ау деген үміт бар.

Ғалымдар Moderna Inc.-ті акциялардың бағасын уақытша жоғарылатуға арналған оң нәтижелі вакциналарды зерттеу нәтижелерін жариялағаны үшін бұған дейін де сынға алған. Ғылыми қауымдастықтың пікірінше, компания мәліметтерді шектеп таратады. Осының негізінде вакцинаның тиімділігін бағалау қиын.

Қалай болғанда да, вакцинаны зерттеу нәтижелері туралы жаңалық, әсіресе коронавирус жұқтырғандардың саны 3,4 миллионнан асып кеткен АҚШ-ты айтарлықтай қуантып отыр. Джонс Хопкинс университетінің интерактивті картасы бойынша вирус Америка Құрама Штаттарында қазірдің өзінде 136 000-нан астам адамның өмірін қиған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT