11:45, 08 Желтоқсан 2016 | GMT +6
Америкалық хор Назарбаевтың әнін қазақ тілінде орындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық «Henrico Schools» студенттер авторлары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, композиторы Алтынбек Қоразбаев болып табылатын «Үш қоңыр» әнін орындады, деп хабарлады АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің Твиттеріне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара барысында Вирджиниядағы Хенрико округі Мемлекеттік мектебі хор орындап, тағы бір тосын сый жасады. Студенттер қазақ тілінде «Үш қоңыр» әнін орындады», - деп хабарлады елшілік Твиттерінде.
15 мыңнан астам халқы бар «Үшқоңыр» ауылы Алатаудың етегінде орналасқан. Бұрын ол Шамалған деп аталған. 2011 жылдан бастап ауылдың аты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы өткен көз тартар жайлаудың құрметіне Үшқоңыр деп өзгертілді.
Another surprise from the National Day Reception! @HenricoSchools choir performed #Kazakh song "Ush Konyr"! pic.twitter.com/iGRHilUAYv
— Kazakh🇰🇿Embassy DC (@KazakhEmbassy) 7 декабря 2016 г.