Америкалық ғарыш кемесі ХҒС-тағы алғашқы жеке ғарышкер миссиясын бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төрт ғарышкер мінген SpaceX америкалық кемесі жұма күні Флоридадағы Кеннеди NASA ғарыш орталығынан сәтті ұшырылды. Бұл ғарышкерлердің Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылған алғашқы жеке миссиясы, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жапонияның Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Оны америкалық AXIOM Space Inc. компаниясы ұйымдастырды. Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы 2020 жылы ХҒС-тың коммерциялық бағытын салу үшін осы компанияны таңдаған болатын, өйткені ғарыш агенттігі коммерциялық мақсатта орбиталық зертхана ашады.

10 күндік миссияда Испанияда туған NASA-ның бұрынғы астронавты Майкл Лопес-Алегрия және АҚШ, Канада және Израиль инвесторлары ғылыми зерттеулер мен басқа да іс-шаралар өткізеді.

Axiom мәліметтері бойынша, Жапония басқарылатын ғарыш жүйелері корпорациясы жасаған фотокаталитикалық ауаны тазарту құрылғысын қолдана отырып, ХҒС-та ауаны тазарту және кабинадағы иісті жою үшін пайдаланылатын зерттеуді қамтиды.

Жапондық компания баспасөз баянында елдің университеттерімен бірлесіп, кез келген жерде орнатуға болатын қарапайым ауаны тазарту жүйесін жасап жатқанын айтты.

Осыған дейін Америкалық ғарыш кемесінің ХҒС-ға жаңа жүк жеткізетінін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар