Америкалық «Fite.tv» Қанат Исламның Астанадағы айқасын онлайн көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда төрінде 9 қыркүйек күні өтетін кәсіпқой бокс кешін америкалық «Fite.tv» интернет-арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысына Қанат Исламның бапкері кіші Нельсон Джуниор мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қанат Ислам мен Брендон Кук кездеседі деген ақпарат тарағаннан кейін Америкадан қоңыраулар түсе бастады. Бұл кездесуді Америкада көрсету туралы сұраныстар келді. Осылайша, олардың тілектері бойынша бұл айқастар танымал «Fite.tv» интернет-каналында көрсетілетін болды. Сонымен қатар, TVtibi және Flipps қосымшасының мыңдаған қолданушысы жекпе-жектерді тамашалай алады», - дейді Қанаттың бапкері.

Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады. Сол күні Қанат Ислам мен канадалық Брендон Куктың көптен күткен айқасы өткізілмек. Кештің андеркартында ЖаңқошТұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов пе Руслан Жанабаев шаршы алаңға шығады. Бүгінде қазақстандық барлық боксшылардың қарсыластары белгілі.

Соңғы жаңалықтар