Америкалық Бурабайда туристік полицияның ашылуына таңданыс білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - АҚШ туристі Дэвид Милер Бурабай курортты аймағында туристік полицияның ашылуына таңданыс білдірді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, жаңа бөлімше жұмысын 17 мамырда бастады. Нақты сол күні полицияның станционарлы пункті ашылып, жаңа электромобильдің кілті тапсырылған болатын. Полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов бөлімше жұмысына сәттілік тілей отырып, азаматтармен қарым - қатынасты жақсартуға және қызметтік міндетті абыроймен атқаруды тапсырды.

Бөлімше құрамында 5 қызметкер бар. Олар арнайы қызметтік киімде жүреді, полиция бейнетіркеуіш, планшет, рациямен жабдықталған.

Сонымен қатар, қызметкерлер ағылшын тілінің жеңілдетілген курсы, әскери және қызметтік даярлықтан өткен.

АҚШ-тан Бурабайға демалуға келген Дэвид Миллер Қазақстанда туристік полиция қызметінің ашылғанына ерекше таңданыс білдірді.

«Мен әлемнің көптеген елдерінде болдым. Бірақта сіздердігідей шетелдік туристерге деген қамқорлықты еш жерде кездестірмедім. Мен мында өзімді қауіпсіз сезінемін», - деді туристік полицейлермен кездескен Дэвид Миллер.

Еске сала кету керек, сəуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеген еді.

Туристік полицияның басты міндеті - келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.null

Соңғы жаңалықтар