Америкалық банкоматтың жанынан тауып алған 27 мың АҚШ долларын банкке қайтарған

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Мичиган тұрғыны Джордж Кондеш көшедегі банкоматтың маңынан ішінде 27 мың АҚШ доллары бар темір қорап тауып алып, оны жергілікті банк бөлімшесіне тапсырған. Бұл туралы CNN телекомпаниясы хабарлады.

Кондештің айтуынша, ол қорапты банктегі кассирге берген.

«Мен қорапты үстелге қойған сәтте, банк қызметкерлері таңданғандықтарын жасыра алмады», - деді Мичиган тұрғыны.

CNN-де жарияланған бейнебақылау камерасының жазбасында инкассаторлардың банкоматқа келіп, жүк көлігінен қолма-қол ақшасы бар бірнеше темір қорапты шығарып, оларды автоматты құрылғыға салғаны жазылып тұр. Содан кейін олар көшеде қораптардың біреуін ұмытып, кетіп қалған. Арада 20 минуттан соң осында келген Кандеш қорапты ашып, қараған. Ол әлгіндегі «40 мың АҚШ доллары» деген жазуды көрген. Бірақ, кейін белгілі болғандай, оның ішінде 27 мың АҚШ доллары болған.

Банк өкілдері Кондештің сыйақы алғанын, біақ оның мөлшері құпия екенін хабарлады.



Соңғы жаңалықтар