+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Америкалық азамат бір күнде лотереядан $5 млн, $500 және $100 ұтты

2018 жылғы 7 қараша 19:17
Бөлісіңіз:
Америкалық азамат бір күнде лотереядан $5 млн, $500 және $100 ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Джерси штатының тұрғыны Роберт Стюарт бір күнде 5 млн доллар көлемінде джекпот, одан кейін лотереядан тағы 500 және 100 доллар ұтқан. Бұл туралы сейсенбі күні UPI агенттігі хабарлады.

Америкалық азамат бірден бірнеше лотерея билетін сатып алып, дүкенде жүргенде-ақ 5 млн доллар ұтқанын анықтағанын айтты. Ол билетін қайта тексеру үшін лотерея қызметкеріне барған. Олар аяқ астынан байлыққа кенелген Стюартты құттықтады. Бір қызығы, бұдан кейін ол тағы екі билет сатып алған, олар да жүлделі болып шықты - біреуі 500 доллар, екіншісі - 100 доллар ұтыс әкелді.

Еске сала кетсек, АҚШ тарихында рекордтық джекпот (1,59 млрд доллар) 2016 жылдың қаңтарында Powerball-да ойнатылған. Онда сыйлық үш жүлделі билеттің иелері арасында бөлінді. Бұл билеттер Теннеси, Калифорния және Флорида штаттарында сатылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT