+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Америка вице-президенті лауазымына алғаш рет әйел адам келді

2021 жылғы 21 қаңтар 02:13
Бөлісіңіз:
Америка вице-президенті лауазымына алғаш рет әйел адам келді

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Америка Құрама Штаттарының 46-ыншы Президентін ұлықтау рәсімінде елдің вице-президенті Камала Харрис те ел халқы алдында ант берді. ҚазАқпарат бұл туралы «Голос Америки» Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Камала Харрис 56 жаста. Ол Америка вице-президенті лауазымына келген алғашқы әйел әрі алғашқы қара нәсілді азамат.

Инаугурациядан кейін Д.Байден мен К.Харрис Арлингтон ұлттық зиратындағы Белгісіз солдат бейітіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні Джо Байден АҚШ Президенті лауазымына ресми кірісті.

Бұл жолы президентті ұлықтау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты әдеттегіден қарапайым өтті. Капитолийден бастап Ұлттық саябақ бойымен тізіле тұратын жүз мыңдаған адамның орнына АҚШ штаттары мен аумақтарының 200 мыңнан астам Туы ілініп тұрды.

Байден салтанатты шарада сөйлеген сөзінде елде көптеген дүниені қайта жөндеп, жаңадан құру қажеттігін айтты. «Тарих, сенім және ақыл-парасат – бізге бірлікке бастар жолды көрсетеді», - деді ол. Сондай-ақ Америка қоғамындағы келіспеушіліктер жікке бөлінуге алып келмеуі тиістігін еске салып, барша америкалықтың президенті болатынын баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT