Америка продюсерлер гильдиясы жылдың үздік фильмін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анжелесте (АҚШ) Америка продюсерлер гильдиясының (PGA) 30-шы жыл сайынғы сыйлығын тапсыру рәсімі болды. Онда жылдың үздік фильмі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат гильдияның Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Бас жүлде «Жасыл кітап» фильміне берілді.

Режиссер Питер Фаррелидің кинокартинасы джаз пианисі, Құрама Штаттардың оңтүстігін түгел аралап шыққан дарынды музыкант туралы сыр шертеді.

PGA бас жүлдесіне: Брайан Сингердің «Бегомалық рапсодия», Брэдли Купердің «Жұлдыз туғанда», Альфонсо Куаронның «Рома», Райан Кглердің «Қара пантера», Джон М. Чудың «Шіріген бай азиялықтар», Джон Красинскидің «Тым-тырыста», Адам Маккейдің «Билік», Йоргас Лантимостың «Фаворит қыз», Спайк Лидің «Қара клан мүшесі» фильмдері үміткер болды.

Гильдияның тұжырымы бойынша үздік анимациялық фильм аталымы - «Өрмекші адам: ғаламдар тоғысқанда» фильміне, драмалық телехикая аталымы - «Америкалықтар» телехикаясына, комедиялық телехикая аталымы - «Ғажайып миссис Мейзел» картинасына берілді. Ал «Маған көрші боламысың?» үздік деректі фильм атанды.

Соңғы жаңалықтар