+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Америка коронавирустан қаза болғандарды 5 күн аза тұтады

2021 жылғы 23 ақпан 09:04
Бөлісіңіз:
Америка коронавирустан қаза болғандарды 5 күн аза тұтады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады. Коронавирустан қайтыс болғандарға құрмет білдіру мақсатын тұтқан шара 5 күнге жалғасады. Мұндай тапсырманы ел Президенті Джо Байден берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Польшада коронавирустың үшінші толқыны басталды ПТР анықтамасы жоқ 277 шетел тұрғынына Атырау облысына кіруге тыйым салынды Германия супермаркеттерінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын жедел тестілер сатылады

22 ақпан күні кешке Джо Байден коронавирус індетінен көз жұмған Американың 500 мың халқын 1 минут үнсіздікпен еске алып, отандастарын әлдебір түсініспеушіліктерді кейінге қалдырып, пандемиямен бірлесіп күресуге шақырды.

«Бүгін бізде өте қаралы, жанға батарлық кезең – 500 071 адам қайтыс болды. Пандемияның бір жылында ажал құшқан америкалықтар саны Бірінші дүниежүзілік соғысты, Екінші дүниежүзілік соғысты және Вьетнам соғысын қоса алғандағы санға қарағанда – көп», - деді ол.

Президент сөз сөйлегеннен кейін вице-президент Камала Харис, бірінші ханым Джилл Байден және екінші джентльмен Даг Эмхофф Ақүйде бір минут үнсіздікте болды.

Ақүйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің мәліметінше, АҚШ басшысы алдағы 5 күнде федералды және әскери нысандарда мемлекеттік ту түсірілген күйі тұруын тапсырды.

Джо Байден америкалықтарды пандемиямен күресте қырағы болуға, маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға және өзінің кезегі жеткенде вакцина салдыруға үндеді.

Айта кетейік, әлемде коронавирустан болған өлім-жітім санының 19 пайызға жуығы Америка құрама Штаттарына тиесілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT