Америка ғалымдары А.Бараев орталығында болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Техас Университетінің (АҚШ) өкілдері А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған орталық мәліметінше, сапар кезінде америкалық делегация А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаевпен кездесіп, мал азығын дайындау саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылап, сынақ өткізілетін егіс алқаптарын көрді.

Кездесу кезінде А.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры америкалық әріптестермен аграрлық салада ынтымақтастық орнатудың маңызды екендігін атап өтті. К.Абдуллаев кәсіпорынның негізгі қызметінің бағыттары мен зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік нәтижелерімен таныстырды.

Сондай-ақ, делегация мүшелеріне Солтүстік Қазақстандағы мал азығы өндірісінің дамуы баяндалып, астық дақылдарының сапасын бағалау қондырғылары мен тәсілдері көрсетілді.
null

Орталықтың нақты егіншілік полигонын он-лайн режімде басқару процесімен танысқан делегация мүшелері жобаны басқару Орталығының мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Жаңа технологияларды пайдалануға негізделген нақты егіншілік жүйесі өнімділікті арттырып, шағынды азайтуға мүмкіндік береді. Аталған жоба процестерді оңтайландырып, автоматтандырады. Бұл тиімділік пен өнім сапасының артуына жол ашады.

2018 жылдан бері А.Бараев атындағы АШҒӨО-нда өндіріске ақылды технологиялар мен цифрландыруды енгізуді қарастыратын нақты егіншілік жобасы іске асырылып келеді. Бұл - егін түсімінің 2,5 есе артуына мүмкіндік берді.

null

Соңғы жаңалықтар