Амбулаториялық емдеуді күшейту өте маңызды - Алтай Көлгінов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов емханалар мен ауруханалардың бас дәрігерлерімен, қаланың санитарлық дәрігерімен онлайн кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкім емханаларда амбулаториялық емдеуді күшейтуді, науқастарды бақылау барысында телемедицина құралдарын пайдалануды және тиісті деңгейде жедел көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ амбулаториялық емдеуді күшейту қажеттігін де атап өтті.

«Науқастардың 60%-дан астамы емханаларға жүгінеді. Мұнда амбулаториялық емдеуді күшейту өте маңызды. Аурудың алғашқы кезеңінде тұрғындарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі керек. Жұқпалы аурулар стационары дәрігерлері Covid-19-бен күресуде айтарлықтай тәжірибе жинады. Олар телемедицинаны пайдалана отырып, кеңес беріп, емханалардың медициналық қызметкерлерімен тәжірибе алмасатын болады. Екінші мәселе, карантин кезінде жоспарлы емдеуге жатқызу уақытша тоқтатылды, мұнда науқастармен кері байланысты күшейту керек. Қажет болған жағдайда емдеуге жатқызған жөн. Шұғыл ауруханаға жатқызылатын жағдайды әрбір дәрігер бақылауда ұстауы тиіс. Үшіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК Фармация» бірлесіп, ауруханалар мен емханаларды қажетті медициналық жабдықтармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргіземіз. Қамтамасыз ету мәселесі бақылауда болады», – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қала әкімі атап өткендей, әрбір науқасқа сапалы медициналық көмек көрсетілуі, ауыр науқасқа шалдыққандар ерекше бақылауда болуы тиіс . Әр науқастың өмірі үшін соңына дейін күресу қажет.


Соңғы жаңалықтар