Аманжан Жамалов темекі өнімдері мен алкоголь сусындарын таңбалау жобасына күмән келтірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов темекі өнімдері мен алкоголь сусындарын таңбалау жобасына күмән келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнесті әсіресе темекі өнімдерін, алкоголь сусындарын, сүт өнімдерін таңбалау жөніндегі ілкі жоба ашуландырып отыр. Олар Электронды есепшот жүйесін қайталайды және тауарлардың тікелей қымбаттауына кәсіпкерлердің қосымша шығындануына алып келеді. Аталған ілкі жобалардың тиімділігі бүгінге дейін дәлелденбеген. Мұның бәрі бизнестің жағдайын жеңілдетпейді, керісінше нашарлатады. Бизнес те әдістерді қайта қарауды және бұл ілкі жобаларды алып тастауды үнемі сұрап келеді. Осы ілкі жобалардың барлығы да Қаржы министрлігінің дербес бұйрығымен енгізіледі. Мұндай жайт неліктен орын алуда? Аталған ілкі жобалардың қажеттілігі бизнеспен неге талқыланбайды?», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған Аманжан Жамалов.

Осыған орай Мәжіліс депутаты Үкімет басшысынан ілкі жобалардың жүзеге асырылу барысы мен тиімділігі туралы толыққанды ақпарат беруді, жаңа ілкі жобаларды енгізуді тоқтатуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар