Аманкелді Таспиховтың штабы Түркістанда кездесу өткізді

None
None
ТҮРКІСТАН. Қазақпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың республикалық сайлауалды штабының тең-жетекшісі, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Сатыбалды Даулеталин бастаған штаб делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді.

Үгіт-насихат шаралары облыс орталығы Түркістан қаласынан басталды. Киелі шаһардағы жергілікті халықты тіршілік нәрімен қамтып отырған «Түркістан-су» мемлекеттік кәсіпорнында сайлауалды кездесу өткізді. Жиынға 85 адам қатысты. Басқосуды ашып сөз сөйлеген штаб басшысы Берік Бекжанов елімізде өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

Сайлау қарсаңында ұйымдастырылып отырған шарада «Түркістан-су» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері Сейілбек Дайрабай штаб мүшелеріне алғысын айтып, кәсіподақ туралы оң пікірлер жеткізді.

Айта кетейік, ҚР Президентін сайлау 9 маусымда өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.

Соңғы жаңалықтар