Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері қызылордалық сайлаушылармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыбалдыұлы Таспиховтың сенімді өкілдері Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «Агро-Өркен» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Егіс алқабында өткен кездесуде кандидат А.Таспиховтың өмірбаяны, атқарған қызметі және сайлауалды тұғырнамасы таныстырылды.

Сондай-ақ, қызылордалық белсенділер демалыс күндері халық көп жиналатын ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарына келушілерге үгіт-насихат парақшаларын таратты.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.

Авторы: Әлихан Асқар

Соңғы жаңалықтар