+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері ақтаулық жұмысшылармен кездесті

2019 жылғы 17 мамыр 14:33
Бөлісіңіз:
Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері ақтаулық жұмысшылармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 мамыр күні Президентікке үміткер Аманкелді Таспиховтың Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының өкілдері «CaspiBitum» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Бұл жөнінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері, аймақтық қоғамдық штабтың жетекшісі Киікбай Жаулин және кәсіподақ ардагері Марат Дәулетов «CaspiBitum» ЖШС қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Киікбай Жаулин мекеме қызметкерлеріне Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасындағы жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге ерекше тоқталып, бағдарламадан үзінді оқып берді.

Сондай-ақ, сенімді өкіл үгіт-насихат жұмысын қалай жүргізу керектігін түсіндіріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сенім білдірілген тұлға сөзінің соңында барлық қызметкерлерді осы кандидатқа дауыс беруге шақырды.

Кездесуге барлығы 50-ден астам адам қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT