Аманкелді Таспиховтың сайлау штабы 3 облыста белсенді жұмыс істеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері әуелі Қызылорда облысында «Жолаушы» акциясын өткізіп, Түркістан облысында насихат парақшаларын таратты. Жамбыл облысындағы штаб мүшелері шалғай ауылдарды аралап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада кәсіподақ жастары орталық автобекетте, елді мекендерге қатынайтын автобустарда, темір жол вокзалында, аялдамаларда жолаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.

Ал Түркістан қаласында жастар халыққа насихат парақшалары мен Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы бар кітапшалар үлестірді.

Штаб мүшелері мұнда да халық көп шоғырланған жерлерде болып, насихат жұмыстарын жүргізді. Яссауи кесенесі, «Рәміздер алаңы» аллеясы, орталық базар сияқты орындарда тұрғындар сайлауалды материалдармен танысты.

Жамбыл облысында Аманкелді Таспиховты қолдаушылар ауылдық елді мекендерді аралап жүр.

Сонда кездесудің бірі Мойынқұм ауданына қарасты шалғайдағы Бірлік ауылының «Жастар» клубында өтті. Штаб мүшелері ауыл халқына өз кандидаттарының бағдарламасын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар