Аманкелді Таспихов штабының өкілдері Батыс Қазақстанға келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Республикалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Мирболат Жақыпов және «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев Батыс Қазақстан облысының салалық кәсіподақтарының және Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық штабының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында республикалық штаб өкілдері М.Жақыпов пен С.Қалиев кандидат Аманкелді Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасына толығырақ тоқталып, еңбеккерлерді қолдауға бағытталған айқын міндет-мақсаттары туралы айтып берді.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясынан маңызды мемлекеттік лауазымға ұсынылған еңбеккерлер өкілі А.Таспиховқа кәсіподақтардың атынан ауыр міндет жүктеліп отырғаны және осы міндеттерді атқаруда ауызбіршілік пен ұйымшылдық маңызды екеніне аса назар аударды. Қатысушылар республикалық штаб өкілдеріне сұрақтар қойып, өз тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар