Аманкелді Таспихов Ақмола жұртшылығымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспихов Ақмола облысы Аршалы ауданында ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының кәсіподақ мүшелері және сенімді өкілдермен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат өзінің еңбек жолы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламасы аясында көптеген мәселелерді сөз етті. Мәселен, зейнетақы деңгейі, еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттілігі сынды бірқатар өзекті мәселелер айтылды.

Кездесуге қатысушылар тарапынан педагогтар мәртебесі туралы заңның қазіргі жағдайы, медициналық қамсыздандыру және ауылдық елді-мекендердің өзге де мәселелері, соның ішінде көмір, электр қуаты бағасыны туралы сауалдар қойылды. Аманкелді Таспихов әр сұрақты мұқият тыңдай отырып, тұшымды жауап берді.

Кәсіподақ мүшелері кандидаттың тұғырнамасымен жан-жақты танысып, көрсетілген мәселелердің маңызды екендігін айтты, алдағы сайлау науқанында қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар