Аманқарағай ауылында 60 тұрғын үйдің өрті сөндіріліп жатыр – министр

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ірі орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда. Аманқарағайда адамдар тұрып жатқан жерлер жанып жатыр. Барлық күштер сол жерге жұмылдырылды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «ҚазАқпарат» тілшісіне төтенше жағдай болған жерде не болып жатқаны туралы айтты.

«Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай әсіресе Аманқарағай ауданында күрделі. Онда 60 үй өртенді. Өрт сөндіріліп жатыр. Жалын жоғары жақтан тарап, адамдар тұрып жатқан жерлер де өртене бастады. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда»,-деді министр.

Оның сөзінше, қазір өрт шалған орманға жақын орналасқан Лесное ауылынан адамдар эвакуацияланып жатыр. Онда 60-қа жуық үй бар. Адамдар ол жерден көшіріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар