Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері ШҚО білім беру саласының өкілдерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Үлкен ауылының білім беру саласы кәсіподағы ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенімді өкіл Айсұлу Зарипова кездесуде жиналғандарды кандидаттың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Сенімді өкілмен кездесуге аудандық білім беру саласы кәсіподағы ұйымының 65 жұмыскері қатысты.

Алматыда «Азамат» сайлауды мониторингілеу азаматтық платформасының бастамасымен «Болашақ президентке 5 ұсыныс» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысына ҚР Президенттігіне кандидаттардың өкілдері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ірі үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Аманат» азаматтық платформасының мүшелері азаматтық борышты 9-шы маусым, дауыс беру күні өтеуге шақырды. Байқаушылар және сенімді өкілдермен жұмыс туралы айтты.

ҚР Президентігіне кандидат Амангелді Таспиховтың сенімді өкілі Я.Швец «Өскемен су арнасы» кәсіпорны кәсіподақ ұйымы өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Я.Швец кандидаттың сайлауалды платформасы туралы айтты.

Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда ҚР президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт науқаны басталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің 7 кандидатын тіркеді.

Соңғы жаңалықтар