+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Амангелді Таспиховтың өкілдері түлкібастықтармен кездесті

2019 жылғы 16 мамыр 13:59
Бөлісіңіз:
Амангелді Таспиховтың өкілдері түлкібастықтармен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Амангелді Таспиховтың үгіт-насихат тобы Түлкібас ауданының халқымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына сілтеме жасап.

Мәнтай Жарымбетов ауылындағы алма бақта өткен кездесуге ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және кітапхана қызметкерлерінен құралған 150 адам қатысқан.

Кандидат Амангелді Таспиховтың Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының басшысы Берік Бекжанов алда келе жатқан саяси доданың мемлекет тарихындағы маңыздылығына тоқталды.

Үміткердің сайлауалды тұғырнамасын егжей-тегжейлі түсіндірген Берік Бекжанов сайлаушылардың сауалдарына да жауап берді.

Жиында сөз алған білім саласының қызметкерлері Ержан Махашев пен Гаухар Меңдібаева еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен Қазақстанның жарқын келешегі туралы ой-пікірін ортаға салды.

Кездесуге келген көпшілік Қазақстан кәсіподақ ұйымының болашақтағы жоспарлармен танысып, жаңа мүмкіндіктерге қанықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сайлау 2019,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT