Амангелді Таспихов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясына Амангелді Таспихов құжаттарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Амангелді Таспиховтың құжаттарын ұсынған.

Оның ішінде кәсіподақтар бірлестігі жоғары органының ҚР Президенттігіне кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді, Амангелді Таспиховтың кандидат болып сайлауға қатысуға келiсiмі, өмірбаяны, ҚР ООСК шотына сайлау жарнасын аударғанын куәландыратын құжат, жеке куәлігінің көшірмесі, ЖОО дипломдарының көшірмелері, мемлекеттік қызметтегі өтілін растайтын құжаттар бар.

Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 26 сәуірге белгіленді.

Соңғы жаңалықтар