Амангелді Айталы: Еске алудың мәні - адамның ойын, пікірін сыйлау

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – қазақ халқы – мықты халық. Біз осындай нәубеттен, қиындықтан, қасіреттен аман қалдық, күш жинадық. Бұл туралы филосифия ғылымдарының докторыАмангелді Айталы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбедегі Түйетөбеде, Қуғын-сүргін және ашаршылық құнбандарына қойылған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Ата-баба рухына құран бағышталды. Филосифия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы бұл күннің мән-маңызына тоқталды.

«Мың өліп, мың тірілген қазақ» деп айтады. Бұл халықтың жүрегіне жара салған, халықты үлкен індетке, апатқа ұшыратқан қуғын-сүргін саясаты. Бұл саясат жан-жақты болды. Бұл саяси репрессия болды. Бұл экономикалық репрессия болды. Халықтың малын, нанын тартып алды. Бұл идеологиялық және рухани репрессия болды. Творчестволық адамдардың шығармаларын өртеп, жауып, оларды да тұтқындады. Өздерін де, еңбектерін де. Мешіттер қиратылды. Молдалар, имамдар, діни ғалымдар қудаланды. Айналып келгенде бұл репрессия біздің халқымыздың тамырына жан-жақты балта шабуға арналған дүние болды. Ол күнде қанша шығын болды, қанша адам дүниеден кетті. Барлығын халық біліп жатыр. Еске алудың мәні тек жылап-сықтауда емес, ең бастысы адамды, адамның ойын, пікірін сыйлау. Өз ұлтына деген сезімін, махаббатын дәріптеу. Негізі үлкен гуманистік, адамгершілік саясат осы. Мен айтар едім, қазақ халқы – мықты халық. Біз осындай нәубеттен, қиындықтан, қасіреттен аман қалдық. Күш жинадық. Үлкен мемлекеттің иесі болдық. Бір жағынан тәуелсіздігімізге шүкіршілігімізді білдіреміз», - деді Амангелді Айталы.


Соңғы жаңалықтар