Амангелді ауданында Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеу рәсімі өтеді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында Кейкі Көкембайұлы кесенесінің ашылуына орай өтетін шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бағдарламалар тізімін жасады. Сонымен, іс-шаралар 15 қыркүйекте басталады.

Кейкі батырдың бас сүйегін кесенеге жерлеу рәсімі Тасты ауылында сағат 10:00-де өтеді. Содан соң Амангелді, Жанкелдин, Әулиекөл, Наурызым аудандары және Арқалық қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Сағат 11:00-де көрермендерді қазақ күресінен республикалық  «Түйе палуан» жарысы күтеді. Одан кейін келген меймандарға киіз үйлерден ас беріледі.

Осы күні сағат 15:00-де кесене маңындағы алаңқайда ат бәйгесі (12-25 шақырым) болады.

«Кейкі батыр: өмірі мен өлімінің тарихы» атты ғылыми-практикалық конференция Арқалық қаласындағы Жас көрермендер театрында ұйымдастырылады. Уақыты - 14:00. Конференциядан соң «Кейкі батыр» спектаклі тамашаланады.

Ал 16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Арқалықта «Бас кеспек болса да...» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар