USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Амандық Баталов театр өкілдерін қабылдады

2016 жылғы 26 қазан 20:32
Бөлісіңіз:
Амандық Баталов театр өкілдерін қабылдады

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Орта Азия елдерінің «Қазақстан - Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық театр фестиваліне көрші мемлекеттерден келген театр өкілдерін қабылдады.

Облыс əкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми қонақтардың қатарында фестивальға қазылық еткен көрнекті театр және кино актері, режиссер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, профессор Асанәлі Әшімов, Тәжікстан көркемөнер академиясының академигі Абдугаффор Абдужабборов, театр сыншысы, халықаралық, бүкілресейлік театр фестивальдері сыншылар алқасының мүшесі, Татарстан өкілі Нияз Игламов, Қырғыз Республикасы Театр қайраткерлері одағының төрағасы Жаныш Кулманбетов, Әзербайжан мемлекеттік жас көрермендер театрының бас режиссері Бахрам Осмонов және еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты өкілі Гүлнафис Мырзашева келді.

Кездесуде Халықаралық театр фестивалін екі жылдан кейін Талдықорғанның жаңа театрында өткізу туралы ұсыныс айтылып, түркі тілдес бауырлас елдермен өңірдің рухани байланысын нығайту мәселелері сөз болды.

Естеріңізге салсақ, Талдықорған қаласында жуырда жаңа драма театрының құрылысы басталған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT