+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Амандық Баталов күріш алқабын азайтудан туындайтын проблеманы атады

2021 жылғы 9 қазан 01:12
Бөлісіңіз:
Амандық Баталов күріш алқабын азайтудан туындайтын проблеманы атады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын дамыту барысында Балқаш ауданының суару жүйелерін жаңғырту жеке жоба ретінде қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы министрі ұн өндіру көлемі төмендегенін айтты СҚО кенже қалған қой шаруашылығын дамытып жатыр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы қалай дамыды

Аудандағы күріш алқаптарын суаратын каналдар тазартылып, бұл дақылды өсіретін шаруашылықтарға қолдау көрсетіледі. Іле өзенінің суын тарататын бас каналды күрделі жөндеу мәселесі күн тәртібіне қойылады. Бұл туралы бүгін Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

«Күріш суды көп қажет етеді. Оның алқабын азайтқанда жердің соры шығып, оған ештеңе өспей қалуы да мүмкін. Сондықтан бұл іске жүйелі жоспар жасап барып кірісу керек. Әзірге күріштің алқаптарын сақтап қаламыз. Ол үшін Балқаш ауданының суару жүйелерін жаңғыртуды жеке жоба ретінде қарастырамыз. Күріш алқаптарын суаратын каналдарды тазартуды қолға аламыз. Бұған дейін біз мелиоративтік бригада құрып, Қаратал өзенінің арнасын аршып, оның Балқашқа еркін құйылуына жағдай жасап, елеулі жұмыстар атқарғанбыз. Сондықтан бұл жағынан біздің тәжірибеміз бар деуге болады. Іле өзенінің суын тарататын бас каналды күрделі жөндеу мәселесі күн тәртібіне қойылады. Бұған дейін қажетті техникалар сатып әперіп, сервистік дайындау орталықтарын құрдық. Осындай қолдау шаралары шаруашылықтарға бұдан былай да көрсетілетін болады», - деді А. Баталов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT