«Amanat» партиясының өкілдері су басқан батыс өңірін аралады

None
Фото: facebook.com/yerzhan.baitanayev
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Amanat» партиясының мүшелері Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барып, өңірдегі су тасқынының салдарын өз көзімен көрді. Бұл туралы Партияның Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада партияның республикалық штабының мүшелері үгіт-насихат науқаны кезінде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барып, өңірдегі су тасқынының салдарын өз көзімен көрді.«AMANAT» бұл жағдайды үнемі бақылауда ұстады. Сондықтан дауыс беру аяқтала салысымен, депутаттыққа кандидаттар делегациясы мен партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек көрсету үшін осы аймақтарға қайта жол тартты. Сондай-ақ аманаттықтар инфрақұрылым нысандары мен жолдардың жай-күйін тексереді. Олар зардап шеккендердің барлығы келтірілген залал үшін өтемақы алып, аймақтағы жағдайды қалпына келтіру үшін қажетті көмек туралы ақпарат жинайды», - деп жазды Е. Бейсенбаев.


Соңғы жаңалықтар