«AMANAT» партиясының гуманитарлық көмек қабылдау пунктілері жұмысын бастады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пунктілері жұмысқа кірісті. Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.

«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын. Қостанай, біз біргеміз!» - деді ол.

«Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек», – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.
Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пунктілеріне келіп түсуде.




Соңғы жаңалықтар