«Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуге тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз», - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.

Айта кетейік, онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысты. Съезд күнтәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, партияны модернизациялау мәселелері қаралды.
Соңғы жаңалықтар