Amanat партиясы жанынан «Талқылау» диалог алаңы құрылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Amanat» партиясы жанынан «Талқылау» диалог алаңы құрылады. Бұл туралы партияның қоғамдық саясат институты саяси талдау бөлімінің басшысы Дәурен Базаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі жылдары бізде диалог алаңдары, пікірталастар қарқынды дамып келеді. Онда елдің, сондай-ақ жақын орналасқан шет мемлекеттердің өзекті, қоғамдық-саяси мәселелері талқыланып жатыр. Партия жанында Nur Otan Trends диалог, пікірталас алаңы жұмыс істейді. Ол жерде де осы мәселелер талқыланады. Кеше партия төрағасы, Мемлекет басшысы бүкіл пікірталастар, талқылаулар әлеуметтік желіде емес, Парламент қабырғасында талқыланып, өзекті деген проблемалардың жауабы табылуы керек екенін атап өтті. Партия осы бағытта жұмыс істейді. Ол үшін «Талқылау» диалог алаңы құрылады. Сарапшылар, соның ішінде шетелдік сарапшылар еліміздің өзекті мәселелерін шешуге қатысады», - деді Дәурен Базаров ҚазАқпараттың сұхбат алаңында.

Партия өкілі «Amanat» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, өзінің келешгі үшін халықтан тың идеялар қабылдап, барынша ашық жұмыс істеуге бекініп отырғанын айтып сендірді.


Соңғы жаңалықтар