Amanat Мәжіліс сайлауына 119, ал мәслихатқа 3821 кандидат ұсынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Amanat партиясы Мәжіліс сайлауына 119 кандидат, мәслихаттар сайлауына 3821 кандидат ұсынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін саяси кеңес бюросының шешімімен съездіңбектуіне партиялық тізімнен 90 адамның және бір мандаттық округтер бойынша 29 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр. Осылайша алдағы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысу үшін Amanat партиясының кезектен тыс XXV съезінде бекітуге 119 канидат ұсынылады», - деді партияның атөарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев.

Съезд делегаттары тізімге енген кандидаттарды мақұлдау туралы бірауыздан шешім шығарды.

Ал мәслихаттар сайлауына партия атынан 3821 адамның кандидатурасы ұсынылып отыр.

«Жаңа ғана біз үміткерлердің тізімін бекіттік. Amanat партиясы мәслихаттарға 3821, ал Мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Міне олардың бәрі осы жерде. Бәріміз міне иық тірестіріп тұрмыз. Барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар», - деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.

Бұған дейін бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына үміткерлер тізіміне енгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар