Аман-саумын – Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал актер Джеки Чан коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарып, жанкүйерлеріне үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамқорлықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Мен аман-саумын, денсаулығым жақсы. Өтінемін, уайымдамаңыздар. Карантинде де емеспін. Бәрі де қауіпсіз әрі дені сау күйде болар деген сенімдемін», - деп жазды Джеки Чан Instagram-парақшасында.

Айта кетсек бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазды.


Соңғы жаңалықтар