+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Аман-есен оралады деген үміт бар - жоғалған альпинистің әйелі

2019 жылғы 23 тамыз 17:00
Бөлісіңіз:
Аман-есен оралады деген үміт бар - жоғалған альпинистің әйелі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жоғалған альпинист Мұрат Өтепбаевтың жұбайы Шахаризада Шахбутова құтқарушылар тобына алғыс білдіріп, альпинистердің аман оралуына үмітті екенін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, іздестіру жұмыстары толықтай жүргізілді. Өз імнің және отбасымның атынан екі елдің мемлекеттік ұйымдарына алғысымды білдіргім келеді. Көмек көрсеткен адамдардың барлығына рахмет айтамын. Ұшқыштарға, альпинистерге, консулға, әсіресе құтқарушылар тобына алғысым шексіз. Жігіттер күндіз-түні жұмыс істеді. Ұйықтамады. Олар қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз дің жігіт т ер аман-есен оралады деп сенеміз, үмітімізді үзбейміз»,- деді Мұрат Өтепбаевтың әйелі бүгін арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында .

Жоғалып кеткен альпинистерді ізде стір у операциясы туралы құтқару тобының мүшесі, ҚР Қарулы Күштерінің аға лейтенант ы Василий Пивцов айтып берді.

«18 тамыз күні сағат 23:00-де командалық топ жиналды. Біз мұнда Армия орталық спорт клубынан келдік. 19 тамызда таңертеңгі сағат 04:00-де Бұрындай әуежайына жеттік . Ол жерден сағат 13:00-де ұшып шықтық . Содан кейін Хан Тәңірі альп инистік лагері аумағына келдік. Келесі күні, 20 тамызда, таңертеңгі сағат 9.00-де Каркара - Оңтүстік Ирымчек бағыты бойынша ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің тікұшағымен іздедік. Қайғылы оқиға болған жердің айналасындағы рейс, трагедияның болжанған жерінен 8 рет айналып өттік. Тірі адамдар байқалмады. Тепловизорды қолдандық, бірақ нәтиже болмады. 21 тамызда «Жеңіс» шыңы аумағында қолайсыз ауа райы болды, ұшуға рұқсат берілмеді. Күн райының жақсаруын күттік. 22 тамызда да рейс жасалды. Жалпы, «Жеңіс» шыңын 14 рет айнала ұшып өттік. Нәтиже жоқ. Қазіргі уақытта көшкін қаупі жоғары, бұл жаяу іздеу жұмысына қау і пті. Бүгін , 23 тамызда іздеу жұмыстарын жүргізген команда Алматыға келді», - деді Василий Пивцов.

Өз кезегінде, ҚР Қарулы Күштерінің капитаны, атақты альпинист Мақсұт Жұмаева дабыл қағылған күні құтқару тобының басқа мүшесі, ҚР ҚК-нің майор ы Аманжол Рахметовпен бірге әскери ойындардан Алматыға оралғанын айтты.

«Майор Рахметов екеуміз армия ойындарынан таңғы сағат 3-те келдік. Бірге 5-6 мың метрге шықтық. Негізінде бізде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті акклиматизация болды», - деді Мақсұт Жұмаев.

Ал Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев, «Жеңіс» шыңындағы рейстер санын, ауа райы мен өрмелеу жағдайларын, ұшуды ұйымдастыру мен басқаруды бақыла ған.

«Жоғалған альпинистер, тәжірибе мен физикалық тұрғыдан алғанда, өте мықты спортшылар болды. Биыл тауға қар қалың түсті. Қиын болды. 13 тамызда ауа райы нашарлап кетті.13 - 17 тамыз аралығында күні бойы қатты қар жауды. Ең жоғары нүктедегі топ қолайсыз жағдайға тап болды. Жігіттермен байланыс 18 тамыз күні таңғы сағат 8-9-дан бастап үзілді»,- деп атап өтті Қазбек Валиев.

Бұғанға дейін, Қырғызстанның Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен қазақстандық альпинистерді ізде стіру жұмыстары тоқтатылғаны туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің басшысы Данияр Айжанов айтқан болатын.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастағанын мәлім етті.Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік етуде.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 17 тамызында Бішкектегі қазақстандық консулдыққа Қазақстанның 3 альпинисі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Жеңіс шыңында жоғалып кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазақстан азаматтары Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулиннің 4 тамыз күні Жеңіс шыңына сапарлап шыққандығы анықталды. Олардың барлығы да кәсіби және тәжірибелі альпинистер. 14 тамызда олар аталған шыңды бағындырған. Сол күні ауа райы нашарлап кеткен.

Альпинистер 15 тамыз күні шамамен сағат 08.15-те соңғы рет байланысқа шығып, орын алған жайтқа қатысты дабыл қаққан. Сондай-ақ, олар А.Чечулиннің қаза тапқандығын естірткен. Альпинистер дабыл қаққан сәтте олар 6 900 метр биіктікте болған. Шатырлары мен жабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып, соған жасырынғандықтарын айтқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT