Алжирде туристік автобус апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алжирдің солтүстік-шығысында тіркемесі бар жүк көлігі мен туристік автобус соқтығысып, кем дегенде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат An-Nahar порталына сілтеме жасап.

Ұлттық жандармерияның мәліметінше, жол апаты Джиджель мен Константин қалаларын байланыстыратын жолда болған. Тағы 11 адам жарақат алып, ауруханаға түсті.

Полиция оқиғаның мән-жайы бойынша тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар