Алжирде орман өртінен 34 адам қаза тапты

None
Фото: aa.com.tr
АЛЖИР. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Алжирде орман өртінен қаза тапқандар саны 34-ке жетті. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғи апат елдің 11 аймағын шарпыды. Бұған дейін 10 әскери қызметкерді қосқанда, 25 адамның зардап шеккені хабарланған болатын. Ведомство өрт ошақтарын жоюға авиация күші қолданылатынын айтты. Алжирдің солтүстігінде өршіп тұрған дала өрттерімен күресу 48 градустан асатын аптап ыстыққа байланысты қиындап тұр. Алжир билігі ел аумағында қауіптің ең жоғары деңгейін жариялады.


Соңғы жаңалықтар