Алжирде әскери тікұшақ апатқа ұшырады
2017 жылғы 22 мамыр 07:10

Алжирде әскери тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирдің әуе күштері тікұшағы апатының салдарынан кемінде 5 әскери азамат мерт болды. Бұл туралы ТАСС Maghreb Arabe Presse агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерт болған 5 азамат та ұшақ экипажының мүшелері болған. Агенттік өкілінің хабарлауынша, тікұшақ Алжир астанасының батысында орналасқан Типаз провинциясындағы электр қуатын тарату желісінің бағанына тиіп кеткен.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT