Алыстағы ауылда мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1973 жылы салынған ғимаратқа содан бері жөндеу жүргізілмеген еді. Осы мақсатқа 15,6 млн. теңге қаралып, жөндеу жұмыстарын «Жәнібек транссервис» ЖШС ( директоры Айболат Аяпов ) атқарды.

Мәдениет үйінің ашылу рәсімінде аудан әкімі Рыспай Өтешев жақсыбайлықтарды қуанышымен құттықтап, мәдениет үйіне музыкалық аппаратура сыйласа, А.Аяпов 80 мың теңгенің жиһаздар жиынтығын тарту етті.

Соңғы жаңалықтар