Алыстағы ауданда музыка мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Конституция күніне орай Қали Жантілеуов атындағы Жаңақала аудандық музыка мектебі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп директоры Нұралы Иқсановтың сөзіне қарағанда, бұл мақсатқа 16 млн. теңге жұмсалды. Жәнібек Ермекқалиев жетекшілік ететін «С.Меңдешев» ЖШС ғимараттың төбесін түгелдей ауыстырып, іші-сыртын жаңалады. Қосымша бөлмелер салынды. Музыка мектебіне жаңа киім, құрал-жабдықтар да алынуда. Қазір мұнда 12 мұғалім 93 оқушыға домбыра, баян, қобыз және фортепианодан дәріс береді. Мектепті бітірген шәкірттер Астана, Атырау, Орал қалаларындағы академия, колледждерге түсуде. Әсіресе, балалардың домбыраға құлшынысы жоғары. Сондықтан жаңа мамандар да алынбақшы.

Аудан әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың айтуынша, Ата заң мейрамы қарсаңында ауданда бірнеше нысан іске қосылып отыр.

Соңғы жаңалықтар