Алыстағы ауданда дәріхана ашылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы орталығында «Талап» АҚ-ның дәріханасы ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Осыған орай аудан әкімі Есентай Қалиев, «Талап» АҚ дәріхана желісінің бастығы Дәния Ануфриева ауыл тұрғындарын құттықтап, мұның алыстағы аудан үшін ерекше оқиға екендігін атап өтті. Бұл күні көз дәрігері тегін қабылдау жүргізіп, тұрғындарға көзілдірік таңдауға көмектесті. Алғашқы тұтынушыларға дисконтты карталар табыс етіліп, жеңілдікпен дәрі-дәрмектер босатылды.

Дәріхана халыққа қызмет көрсетумен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік берді. Мұнда 12 адам еңбек етіп, дәріхана демалыссыз жұмыс жасамақ. Дәрі-дәрмекті мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 10 және 15 пайыздық шегеріммен сату қарастырылған.

«Талап» АҚ дәріханасы облыстың өзге аудандарында да жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар