Алыс ауданда күрделі жөнделген мектеп пайдалануға берілді

None
None
Л. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Жәнібек ауданы орталығында №1 орта мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп директоры Аққу Нұрғалиеваның айтуынша, бұл шаруа «Жол картасына» сәйкес жасалды. Оған республикалық бюджеттен 52,99 млн., жергілікті қазынадан 10,31 млн. теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстарын облыстық мәслихат депутаты Ескендір Елемесов басшылық ететін «Символ» ЖШС мерзімінен бір ай бұрын бітірді. Түгелдей жаңартылған мектепке су құбыры тартылып, жылу жүйесі де жөнделген. Бұдан бұрын аталмыш серіктестік Тау ауылдық округіндегі И.Жұмаев атындағы елді мекенде медпунктті және аудан орталығында музыка мектебін күрделі жөндеген болатын.

Мектептің қайта ашылу салтанатына келген аудан әкімі Рыспай Өтешев Елбасы тапсырмасына сәйкес ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтсе, Е.Елемесов білім ордасына дабылқаққыш орнату үшін көмек ретінде 1,5 млн. теңге қаржы беретінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар