Алыпсатарлардан тәркіленген дәрі-дәрмек қайда жөнелтіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алыпсатарлардан тәркіленген дәрі-дәрмек қайда жөнелтіледі? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәркіленген дәрі-дәрмек денсаулық сақтау органдарына жөнелтіледі. Артынша ол органдар бұл дәрілік заттардың жарамдылығын тексеріп, препараттарды не істеу керектігін шешеді. Осы кезде ол дәрі-дәрмекті дәріханаларға немесе ауруханалар желісіне тарату туралы нақты шешім қабылданады», - деді Алексей Калайчиди.

Оның айтуынша қазіргі таңда елімізде дәрі-дәрмекті заңсыз сатуға қатысты 17 жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

«Дәрі-дәрмекті қымбатқа сататындар Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 426-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша жеке адамдарға 70 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік нысандарға 1 000 АЕК айыппұл салынады», - деді сондай-ақ Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Соңғы жаңалықтар