Алып тиін Алматының символына айналмауы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыдағы алып тиін ненің құрметіне қойылған? Ол қала символына айнала ма, әлде уақытша орнатылған нысан ба? Бұл сауалдарға ҚазАқпарат тілшісі жоба ұйымдастырушыларынан жауап алған еді. 

Алматылықтардың алып тиін айналасындағы пікірі екіге жарылуда. Алып та болса, көздері мөлдіреген жануарды біреулер жақсы көріп жатса, енді бірі оның неге керек екенін түсінбей, әзілге айналдыруда.

Жобаның бас ұйымдастырушысы - қаланы безендіру жұмыстарын жүргізетін FUNK креативті агенттігі. Агенттіктің ұйымдастыруымен «Алматы - тёплый город» жобасы аясында қала әкімдігіне 11 сәулет нысаны ұсынылған. Қаланы безендіру мақсатында агенттік  өткізген байқауда  Британдық суретші Алекс Ринслердің жобасы үздіктер қатарына ілінген.

nullАталған ұйым басшысының айтуынша,  британдық суретші Алекс Ринслер - алып жануарлардың мүсінін жасайтын танымал шебер. Оның  инсталляциясы Лондон мен  Шанхай тұрғындарына жақсы таныс. Алайда бұған дейін тек түлкінің пішінін жасап келген суретші «Алматылық тиінді» тәжірибесінде алғаш қолданып отыр. Биіктігі 13 метрге жететін «дәу тиін»  мүсіні әлем бойынша алып скульптуралардың бірі саналады.null

«Алекс Ринслер әр қалада қандай жануар өмір сүретінін бақылап, соның нәтижесінде эко-арт нысан жасап шығарады. Ол Алматыға келіп экологиялық орындар - бақтар мен саябақтарды аралап, онда көбіне қандай жануарлар өмір сүретінін зерттеді. Мұнда басқа қалалардағыдай мысық та, ит те, тышқан да жетеді. Алайда тиін - Алматының  табиғатына тән тіршілік иесі. Алматы шипажай аймағы ретінде танымал. Қала атмосферасын тұрғындарға саялы  мекен ретінде таниды. Тиін - энергия мен қозғалыстың белгісі. Қала тұрғындары белсенділігімен ерекшеленеді.  Біреуі бір жұмыстың ізінде, енді бірі бір жобаны қолға алып жатыр. Тоқтамайтын қайнаған тіршлік. Демек бұл жануар алматылықтардың тыныс-тіршілігінен хабар береді»,-деді «FUNK креативті агенттігі»  басшысы Майра Измаилова.

Эко-арт нысан Еуропада трендке айналған. Бұл дегеніміз - өнер шеберлері қоршаған ортаға назар салып, ондағы тіршілік иелерін өнеріне арқау етеді. Олар қала бұрышынан алып жануардың мүсінін жасау арқылы адамдардың назарын өзге тіршлік иелеріне аударуды мақсат етеді.

 «Инсталляцияның іші бос. Қаңқасы сейсмикалық  төзімді темірден жасалған.  Ағаш фанерамен қапталып, сырты сабанмен оралған. Сабанның бөліктері желмен ұшып кетпестей етіп оралып,  өрттен сақтау үшін арнайы сұйықтықтармен өңделген. Тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелелердің барлығы барлығы алдын ала ойластырылған. Нысанның орнын автордың өзі таңдады. Осы оқиғадан кейін қала тұрғындары Атакент көрме кешеніне назар аудара бастаған сияқты»,-дейді Майра Измаилова.

Бұл жоба - мемлекет пен жеке серіктестіктің бірлескен жұмысы. Ұйымдастырушылар жұмсалған шығынның шамасын айта алмағанмен, нысанның уақытша орнатылғанын атап өтті. 

«Бұл өте қымбат жоба, оны сатып алуға қаржы жеткіліксіз. Қазіргі жасалған келісімшарт 9 айға ғана жарайды. Одан кейін алып тасталуы мүмкін. Бірақ алып жануар қала тұрғындарына ұнап, олардың арасында қимастық сезімі оянып жатса, автормен арадағы шарттың мерзімін ұзартуға болады»,-деп атап өтті Майра Измаилова.

Жануар мүсінін жасауға бір айға жуық уақыт жұмсалған. Жобаны жүзеге асыруға 30-ға жуық маман атсалысқан. Бүгін салтанатты түрде ашылып, қала тұрғындарына ресми түрде таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар